Елордада және елдің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтанда тұман түседі.

Елордада және елдің алты өңірінде дауылды ескерту жарияланды
фото: bymedia.net

Қазақстанның алты облысында көктайғақ пен тұманға байланысты ескерту жарияланды деп хабарлады paryz.kz, Қазгидрометке сілтеме жасап. 

23 қарашада Ақмола облысының кей жерінде, Батыс Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. Күндіз кей жерде көктайғақ болады.

Нұр-Сұлтанда тұман түседі.

Таңертең және күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде қар жауып, көктайғақ болады. 23 қарашада да таңертең және күндіз қар, көктайғақ күтіледі.

23 қарашада түнде және таңертең Түркістан облысының кей жерінде тұман түседі. Шымкентте түнде тұман болады.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі. 

Жамбыл облысының кей жерінде де тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. 23 қарашаға қараған түні оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауысып, секундына 15-20 метр жылдамдықпен соғады.