Назарбаев, Мамин, Баталов: Астанадағы зәулім мешіттің ашылуына кімдер келді

Бүгін Нұр-Сұлтанда Орталық Азиядағы ең үлкен мешіттің ашылуы болып жатыр. Шараға еліміздің бұрынғы президенті Нұр-Сұлтан Назарбаев қатысуда.

Назарбаев, Мамин, Баталов: Астанадағы зәулім мешіттің ашылуына кімдер келді
фото: nur.kz

Бұл туралы оның баспасөз хатшысы Айдос Үкібай өзінің Twitter-аккаунтында мәлім етті.

Орталық Азиядағы ең үлкен мешіт елордадағы Мәңгілік Ел даңғылында ЭКСПО аумағы мен Mega Silk Way ойын-сауық орталығына жақын маңда орналасқан. 

Мешіт аумағы айтарлықтай үлкен, шамамен 10 гектарды құрайды. Ғимаратқа баратын жолда гүл отырғызылып, орындықтар қойылған, сондай-ақ дәл осы жерден әуенді субұрқақтарды да көруге болады.

Нұрсұлтан Назарбаев мешіттің ашылуына бүгін таңертең барған.