"Республикамыздың оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы көпжылдық орташа мәннен 4...8℃ төмен күтіледі".
Синоптиктер биыл 21-23 қарашаға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Ресми мәліметке сүйенсек, Қазақстанның оңтүстігінде ауа температурасы төмендейді, деп хабарлады paryz.kz.
"Қазақстанның басым бөлігі Солтүстік-батыс антициклонның ықпалында болады. Дегенмен атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, еліміздің кей жерінде қар, оңтүстікте жауын-шашын күтіледі. Республикамыздың оңтүстік бөлігінде ауаның температурасы көпжылдық орташа мәннен 4...8℃ төмен күтіледі", - делінген хабарламада.