Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Ұзынағаштағы атыс: Күдіктілерге іздеу жарияланды

Алматы облысының Ұзынағаш ауылында жас жігіттің өліміне қатысы бар деген күдіктілерге соттың санкциясымен іздеу салынды, деп хабарлайды Paryz.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап. 

Ұзынағаштағы атыс: Күдіктілерге іздеу жарияланды
фото: polisia.kz

Алматы облысы полиция департаменті іздеу салады:

Козыбаев Гани Муратұлы - 31 жаста, Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары ("Адам өлтіру") және 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша аса ауыр қылмыс жасады деген күдік бойынша;

Аскар Жаныбекұлы Тыныштыков - 30 жаста, Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлігі ("Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") және 99-бабы 2-бөлігі 1,7,9-тармақтары ("Адам өлтіруге оқталу"), 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Бұзақылық") бойынша аса ауыр қылмыстар жасады деген күдік бойынша;

Серікбол Мұратбекұлы Шөкенов - 30 жаста, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2- тармағы ("Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау") бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша;

Нурсултан Бахтиярулы Аукенов - 30 жаста, Қылмыстық кодекстің 293-бабы 3-бөлігі 2-тармағы ("Атыс қаруын қолдана отырып бұзақылық жасау") бойынша қылмыс жасады деген күдік бойынша іздестірілуде.

Еске сала кетсек, бұған дейін 4 тамызда Алматы облысы Ұзынағаш ауылындағы ауруханаға оқ тиген үш ер адам жеткізіліп, олардың бірі көз жұмғанын жазған едік.