Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы және бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқуға көшірілді.
Петропавлдағы №1 жалпы білім беретін IT лицейдің 2-сыныпқа сабақ беретін мұғалімінің коронавирусқа шалдыққаны анықталды, деп хабарлады paryz.kz.
Солтүстік Қазақстан облыстық Білім басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, мұғалімнің тапсырған ПТР тесті оның ауруға шалдыққанын растаған.
Осыған байланысты екі кезекші сыныптың 26 оқушысы және бүгіннен бастап Петропавлдағы №5 орта мектептің де екі кезекші сыныбы қашықтан оқуға көшірілді.
4-сыныпқа сабақ беретін мұғалімнен де СOVID-19 табылған. Ол да ПТР тест тапсырып, талдау оң нәтиже көрсетті. Салдарынан кезекші екі сыныптың 26 оқушысы қашықтан оқитын болды.