Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған азаматқа қатысты тың мәлімет пайда болды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 25 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында ҚР президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған шетел барлау агенті - «А» деген ҚР азаматын ұстады.

Тоқаевқа қастандық жасамақ болған азаматқа қатысты тың мәлімет пайда болды
Фото: ашық дереккөзі

ҰҚК баспасөз қызметінің 3 сәуірдегі мәлімдемесінде оның бір мезгілде арнаулы және құқық қорғау органдары қызметкерлеріне қатысты террористік актілер жасауды жоспарлағаны айтылды.

Арада 5 ай өткен соң ҰҚК баспасөз қызметі exk.kz ресми сауалына жауап беріп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевқа қастандық жасауға оқталған күдіктінің кім екенін ашып айтып, оған қатысты қылмыстық істің нақты қай баптар бойынша қозғалып жатқанын мәлім етті.

ҰҚК Аян Атығаевқа қатысты Қылмыстық кодекстің 24-бабы 1-бөлігі («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу») және 255-бабы 4-бөлігі «Терроризм актісі» бойынша қылмыстық іс тергеліп жатыр, - делінген ҰҚК жауабында.

Бұған дейін хабарланғандай, тінту барысында шетелде шығарылған дыбыс өшіргіші бар снайперлік винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленді. Қару Қазақстанға кәсіби жасырылған түрде бөлшектермен әкелінген.

Бұдан өзге, ҚР-да «А» әлеуметтік желілерде тиісті материалдарды жариялау арқылы Ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофоб көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаған.

Алдын ала тергеу барысында ҚР азаматы жоғарыда көрсетілген істерді шетел мемлекетінің тапсырмасы және мүддесінде жасағанын мойындаған.