Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

"Студенттердің стипендиясы өсіп, грант саны көбейді" - министр

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Жоғары білім беру саласындағы ұлттық жобаның іске асырылуы туралы айтып берді, деп жазады paryz.kz. 

"Студенттердің стипендиясы өсіп, грант саны көбейді" - министр
фото: egemen.kz

2021-2022 оқу жылы контингентінің жалпы саны 623 839 адам.
Барлығы — 120 ЖОО.
2021 жылы түлектердің жұмысқа орналасуы 68,9%-ды құрайды.
Гранттар саны 2020 жылы 65 мыңнан 2022 жылы 88 мыңға дейін ұлғайтылды.
Студенттердің стипендиясы артып келеді.
"Бакалавриат студенттеріне 36 мың теңге, докторанттарға 150 мың теңге қарастырылған. 2025 жылға дейін студенттердің стипендиясы 2 есеге, магистранттар мен докторанттарға – 1,5 есеге артады", - деді ғылым министрі Саясат Нұрбек.

Академиялық артықшылық орталықтарын құру жөнінде шаралар қабылданды. 15 өңірлік және 5 педагогикалық ЖОО іріктелді.
Зерттеу экожүйесін қалыптастыру және серпінді технологияларды дамыту үшін үш ЖОО-ны зерттеу ЖОО-ларға айналдыру жоспарланған. Бұл Л. Гумилев атындағы ЕҰУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ға зерттеу университеті мәртебесі берілді.
«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру» бағыты бойынша негізгі көрсеткіш — екі отандық университеттің QS Халықаралық рейтингінің ТОП – 200 қатарына кіруі», — деп атап өтті Саясат Нұрбек.

 2025 жылға қарай шетелдік жетекші бес ЖОО-ның филиалдары жұмыс істейтін болады.