Дегенмен бұл - Айға дейінгі арақашықтықтан 11 есе артық.
Жерге көлемі 370-тен 820 метрге дейінгі 153201 (2000 WO107) астероиді жақындап келеді. Бұл туралы NASA-ның Жерге жақын заттарды зерттеу орталығының сайтында жазылды, деп хабарлады paryz.kz.
Астероид 29 қараша күні Мәскеу уақытымен 8:00-де Жерге ең жақын арақашықтықта жақындайды. Дегенмен бұл - Айға дейінгі арақашықтықтан 11 есе артық.
Осылайша, астероид планетамызға қауіп төндірмейді. Алайда ол Жер орбитасынан өтеді.