05.08.2022, 11:30

Қазақстанда кредит алатын жастар саны күрт өсті

фото: atameken.kz

Ұлттық банктің қаржылық есебі осындай статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Air Astana әуекомпаниясына рейсті кешіктіргені үшін осымен төртінші мәрте айыппұл салынды Ұлттық банктің бағалауынша, тұтынушылық кредиттердің қарыз мерзімі айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.

Мәселен, тұтынушылық кредиттеу портфелінің жартысына жуығы өтеу мерзімі 5 жылдан астам қарыздардан және 23%-ға мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі қарыздардан тұрады.

Барынша ұзақ қарыздар (5+ жыл) қамтамасыз етуі бар тұтынушылық қарыздар және автокредиттеу сегментінде шоғырланған.

«Тұтынушылық портфельдің қарыз алушыларын жас бойынша бөлуде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. 24 жастан кіші қарыз алушылар портфелінің үлесі аға буын (45+ жас) қарыз алушылар үлесінің 39%-дан 36%-ға дейін азаюы есебінен 2019 жылғы 5%-дан 2021 жылы 7%-ға дейін ұлғайды. Дегенмен берілген жаңа қарыздар бойынша, тұтынушылық кредиттер портфелінің жасару үрдісі байқалады. Мәселен, 28 жасқа толмаған қарыз алушылар үлесі 2 жыл ішінде 16 пайыздан 23 пайызға өсті. Ең маңызды өсімді 22 жасқа дейінгі жас тобы көрсетті. 2019-2021 жылдардың қорытындысы бойынша, олардың үлесі 1 пайыздан 6 пайызға өсті», - делінген есепте.