Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қазақстанда кредит алатын жастар саны күрт өсті

Ұлттық банктің қаржылық есебі осындай статистиканы бөлісті, деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстанда кредит алатын жастар саны күрт өсті
фото: atameken.kz

Air Astana әуекомпаниясына рейсті кешіктіргені үшін осымен төртінші мәрте айыппұл салынды
Ұлттық банктің бағалауынша, тұтынушылық кредиттердің қарыз мерзімі айтарлықтай өзгеріске ұшырамаған.

Мәселен, тұтынушылық кредиттеу портфелінің жартысына жуығы өтеу мерзімі 5 жылдан астам қарыздардан және 23%-ға мерзімі бір жылдан үш жылға дейінгі қарыздардан тұрады.

Барынша ұзақ қарыздар (5+ жыл) қамтамасыз етуі бар тұтынушылық қарыздар және автокредиттеу сегментінде шоғырланған.

«Тұтынушылық портфельдің қарыз алушыларын жас бойынша бөлуде айтарлықтай өзгерістер болған жоқ. 24 жастан кіші қарыз алушылар портфелінің үлесі аға буын (45+ жас) қарыз алушылар үлесінің 39%-дан 36%-ға дейін азаюы есебінен 2019 жылғы 5%-дан 2021 жылы 7%-ға дейін ұлғайды. Дегенмен берілген жаңа қарыздар бойынша, тұтынушылық кредиттер портфелінің жасару үрдісі байқалады. Мәселен, 28 жасқа толмаған қарыз алушылар үлесі 2 жыл ішінде 16 пайыздан 23 пайызға өсті. Ең маңызды өсімді 22 жасқа дейінгі жас тобы көрсетті. 2019-2021 жылдардың қорытындысы бойынша, олардың үлесі 1 пайыздан 6 пайызға өсті», - делінген есепте.