Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Астана «қызыл» аймаққа енуі мүмкін бе

Денсаулық сақтау вице-министрі – ҚР Бас санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова елордадағы эпидахуалдың тұрақтана бастағанын мәлімдеді. 

Астана «қызыл» аймаққа енуі мүмкін бе
фото: egemen.kz

«15 шілдеден бері коронавирус жөніндегі эпидахуал матрицасын қайта қарап, өзектілендірдік. Соңғы 7 күндегі орташа тәуліктік науқастану көрсеткішінен, 100 мың тұрғынға шаққандағы аурушаңдық көрсеткішіне көштік. Бұл, яғни, емханаға жатқызудың тәуліктік деңгейі денсаулық сақтау жүйесіне түсетін жүктемені дәл сипаттайды», - деді вице-министр.

Оның сөзіне қарағанда кейінгі бірнеше күнде ахуалдың тұрақтанып келеді.

«Екіншіден, Нұр-Сұлтанда «R» көрсеткіші күн сайын азайып келеді. Ол шама бүгін бірден сәл ғана артық болып тұр – 1,098. Шатаспасам, Нұр-Сұлтадағы қазіргі ахуалды ушығып тұр дегеннен тұрақтанып келе жатыр деуге көбірек келеді.

Сондықтан, біз Нұр-Сұлтан қаласында қосымша қатаң шаралар енгізу туралы айтып та, болжап та отырған жоқпыз. Бірақ көп дүние өзімізге, біздің әрекетімізге, Денсаулық сақтау министрлігінің ұсынымдарына құлақ асқанымызға байланысты. Әзірше Нұр-Сұлтан «сары» аймақта. Бұл жағдайда қоғамдық көлікке мінген кезде және жабық ғимаратқа кіргенде маска кию сияқты шаралар ғана бар», - деді Айжан Есмағамбетов.