02.08.2022, 19:19

Грузияда көз жұмған Әсел Айтпаеваның туысына үкім шықты

Фото: azattyg. ruhy

Әсел Айтпаеваның туысы Мұрат Мейірбеков 15 жылға бас бостандығынан айырылды, – деп хабарлайды Paryz.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап. 

Өткен жылдың 5 мамырында Грузияда 26 жастағы Әсел Айтпаеваның денесі табылған болатын. Өлім алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген. Аудиода ер адамның оны зорлықпен қорқытып жатқаны жазылған. Грузия прокуратурасы бойжеткеннің зорланғанын мәлімдеді. Күдікті  56 жастағы Бесик Тордуа келесі күні ұсталды. Ол зорлау және өзін-өзі өлтіруге итермелегені үшін 8 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. Алайда Тордуа кейін түрме ауруханасында қайтыс болды.

Грузияның бас прокуратурасы тағы бір күдіктіге – Әселдің туысы Мұрат Мейірбековке де айып таққан. Оны Нұр-Сұлтан полициясы биыл 16 мамырда ұстаған еді. Мейірбеков қызды жұмысқа тұрғызу сылтауымен Грузияға шақыртып алып, кейін оны пайдаланып кеткен. Қылмыстық іс «зорлау» бабы бойынша жүргізілгендіктен, сот отырысы баспасөз үшін жабық өтетіні хабарланды.