Өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа бағытталған.
Алматыда полиция формасымен TikTok түсірушінің үстінен іс қозғалды, деп хабарлады paryz.kz, ІІМ ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
"Полиция департаментінің арнайы тобы әлеуметтік желілерді мониторингілеу барысында ішкі істер органдары қызметкерінің нысанды киім-кешегін заңсыз пайдалану фактісін анықтады. Сюжет бойынша, полиция қызметкерінің нысанды киім-кешегін киген жас жігіт жауапкершіліктен жалтару тәсілі ретінде өтіп бара жатқан адамдарды өзімен бірге ТикТок билеуге шақырады", - делінген хабарламада.
Енді бұл факт бойынша Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі құқық бұзушының жеке басын анықтап, ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 675-бабымен ("Айырым белгілері және (немесе) нышаны бар әскери киім нысанын, сондай-ақ, нысанды киім мен арнаулы киім-кешекті заңсыз киіп жүру") әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Өндіріс материалдары шешім қабылдау үшін сотқа бағытталған.