Негізінде полицейлер оның қонысына тіркеуде жоқ ескі қару-жарақ іздеп барыпты. Онысы да бекер болмаған. Нәтижесінде, вагоннан 5 аңшы мылтығы табылды.
Жамбыл облысында алдында отар қой жүрсе де тұқымы сирек түз тағысын атып алып жейтін шопан ұсталды, деп хабарлады paryz.kz.
Оның баспанасын тінту барысында қарақұйрықтың еті табылған. Жарты етін жеп, қалғанын өзі тұрып жатқан вагонның ешкім көрмейтін бөлігіне жасырған екен.
Қойшының бұл қылмысы кездейсоқ әшкерленген. Негізінде полицейлер оның қонысына тіркеуде жоқ ескі қару-жарақ іздеп барыпты. Онысы да бекер болмаған. Нәтижесінде, 34 жастағы шопан тұратын вагоннан 5 аңшы мылтығы мен 1,5 келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді.
Енді күдікті есірткі сақтағаны әрі "Қызыл кітапқа" енген аңды өлтіргені үшін 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.