Бұл туралы бүгін Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды paryz.kz.
Дереккөзге сүйенсек, қырғыз тарапы гуманитарлық көмек алу үшін халыққа медициналық бұйымдар қажет деп Қазақстанға ресми түрде өтініш жасаған.
"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы күрес аясында ҚР Үкіметі Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді. Қырғызстанға 400 өкпені жасанды желдету мобильді аппараты және Қазақстан кәсіпорындарында өндірілген 2 млн медициналық маска жіберіледі", - делінген хабарламада.