Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Ақтауда дауға айналған тұрғын үй кешенін салушы қамауға алынды

Серіктестік басшысына қатысты "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды.

Ақтауда дауға айналған тұрғын үй кешенін салушы қамауға алынды
фото: Lada.kz

Ақтауда басы даудан арылмай келген "Гаухартас" тұрғын үй кешенін салушы қамауға алынды. "Тастемир ЛТД" серіктестігінің иесі ірі көлемде алаяқтық жасады деген күдікке іліккен. Ол Уақытша ұстау изоляторына қамалды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті ақтаулықтардан 110 шағым келіп түскенін мәлімдеді. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр, оның барысы департамент басшылығының бақылауында. Бұған дейін үлескерлер тұрғын үй кешенінің құрылысына миллиондаған қаражат салғанын айтқан, бірақ, бірнеше жылдан бері олар үйлеріне кіре алмай жүр. Сонымен қатар, олар құрылыс салушы бір пәтерді бірнеше клиентке сатып жүргенін айтып, дабыл қаққан. Серіктестік басшысына қатысты "алаяқтық" бабы бойынша іс қозғалды. Сол сәтте ол үйінен ешқайда кетпеу туралы қолхат жазған.

Айта кетсек, өткен жылы Нұр-Сұлтанда салымшылар осындай жағдайға тап болып, бір пәтер бірден 4 адамға сатылып кеткен еді.