"Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білген. Сондықтан ол жасырынған", - деді деді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы Тимур Өсекбаев.
Алматыда метро вагонына жабысып алған блогер жазаланды, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, 19 жастағы жігіт әлеуметтік желіде танымал болу үшін трюк жасап, оны камераға түсірген.
"Мұндай әрекет оның өмірі мен денсаулығына ғана емес, сонымен қатар, басқа да жол қозғалысына қатысушыларға қауіп төндіретінін ол білмейді деп ойламаймын. Ч. есімді азамат заңға сәйкес шаралар қабылдау үшін тәртіп сақшылары оны іздейтінін білген. Сондықтан ол жасырынған. Алайда, кеше кешке (10 қараша, - ред.) ол ұсталып, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 560-бабы ("Темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу") бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, Ч. есімді азаматқа қатысты түсіндіру жұмысы жүргізілді", - деді метрополитендегі полиция басқармасының басшысы, полиция полковнигі Тимур Өсекбаев.
Еске сала кетсек, бұған дейін Алматыда блогердің метро вагонына жабысып алғаны түсірілген видео тараған болатын.