Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда.
Қазіргі уақытта коронавирус жұқтырған 7 606 адам ем қабылдауда, деп хабарлады paryz.kz, ДСМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 7 606 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 393 бала бар. Стационарларда 2 926 науқас жатыр. 4 680 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 196 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 25 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 28 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр", - делінген хабарламада.