Ол аздай, Ұлттық құраманың бірнеше негізгі ойыншысы денсаулығы мен жарақаттарына байланысты, алдағы матчтарға қатыса алмайды.
Жарақаттарына байланысты жартылай қорғаушылар Бактиёр Зайнутдинов, Серікжан Мужиков, Думан Нәрзілдаев, сонымен қатар, орталық қорғаушы Сергей Малый ұлттық құраманың қатарына келе алмады, деп хабарлады paryz.kz, ҚФФ ресми сайтына сілтеме жасап.
Денсаулықтарына байланысты алдағы ойындарға қорғаушы Темірлан Ерланов пен жартылай қорғаушы Асхат Тағыберген де қатыспауы мүмкін. Сондай-ақ, Қазақстан құрамасының капитаны Бауыржан Исламханның өзі көмекке келе алмайды. Азия Чемпиондар Лигасының ойынынан кейін оның тапсырған допинг-сынағынан тыйым салынған препарат табылған.
Беларусьтық "Рух" командасының жартылай қорғаушысы Владислав Васильев те ойнамайды. Өйткені, оның Covid-19-ға тапсырған сынағы оң нәтиже көрсеткен.
Қосалқы тізімнен орталық алаңда ойнайтын жартылай қорғаушылар Аслан Дарабаев пен Юрий Перцух, сонымен қатар, шабуылшы Тоқтар Жаңғылышбай шақырылды.