Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twіtter-дегі парақшасында жазды.
Бұған дейін Украина президенті коронавирус жұқтырғанын мәлімдеген еді. Қасым-Жомарт Тоқаев әріптесі Владимир Зеленскийдің тезірек жазылып кетуін тіледі, деп хабарлады paryz.kz.
Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Twіtter-дегі парақшасында жазды.
"Украина Президенті Владимир Зеленскийдің COVID-19 індетінен тезірек сауығып кетуін тілеймін. Қазақстан мен Украина коронавирус пандемиясына қарсы күрес бойынша тәжірибе алмасады және біз барлық әлемдік қоғамдастықпен бірлесіп, қауіпті індетті жеңеміз", – делінген Қазақстан президентінің жазбасында.