Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

ПТР анықтама болмаса, билетіңді қайтарып береді: жолаушы пойыздарының кестесі өзгерді

Билетті қайтару жолаушы тасымалдау ережесінде көзделген мерзімде билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелтілген сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

ПТР анықтама болмаса, билетіңді қайтарып береді: жолаушы пойыздарының кестесі өзгерді
Фото: ашық дереккөз

Жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады деп хабарлады paryz.kz «Жолаушылар тасымалы» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолданылып жатқан шараларды атап өтті. Қазақстанда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия шешіміне және ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің хатына сәйкес келесі СҚО, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстарын қатынайтын жолаушы пойыздарының жол жүру жиілігі қысқарады:

1) 9 қарашадан бастап №705/706 «Алматы-Петропавл» жолаушылар пойызы күнара қатынайтын болса, №31/32 «Павлодар – Алматы» жолаушылар пойызы белгіленген күндер бойынша қатынайтын болады.

2) Келесі облыстарда барлық станцияларға билет сатуға және жолаушы отырғызуға/түсіруге уақытша тыйым салынады:

a) Ақмола облысында Атбасар, Ерейментау, Аршалы станцияларынан, 1, 2 және 3-сыныпты вокзалдар орналасқан Бурабай, Есіл, Макинка, Ақкөл, Жалтыр және Көкшетау курортын қоспағанда;

b) Павлодар облысында Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл станцияларын қоспағанда;

c) Қостанай облысында Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная станцияларын қоспағанда;

d) Солтүстік Қазақстан облысында барлық стансалар арқылы жолаушыларды отырғызуға/түсіруге транзиттік жолаушы пойыздарының қозғалысына тыйым салынады.

Сонымен қатар, № 68/67 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол - Өскемен-1» жолаушы пойызының аптасына бір рет жол жүру мерзімділігі және № 351/352 «Алматы-2 - Өскемен-1» жолаушылар пойызының ағымдағы жылдың соңына дейін уақытша күнара қатынауы ұзартылды.

Петропавл станциясынан жолаушы тасымалының пойызымен шығу 3 тәулікке жарамды теріс нәтижелі COVID-19 ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама міндетті түрде болуы қажет. ПТР анықтамасы жоқ жолаушы вагонға жіберілмейді, сондай-ақ теміржол вокзалы ғимаратында күтіп алушы мен шығарып салушыға кіруге тыйым салынады.

Петропавлдан жолаушы пойыздарында қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметін ұйымдастыру көліктегі Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысының талаптарына сәйкес қамтамасыз етіледі. Тоқтатылған пойыз бен тыйым салынған станцияларға жол жүру құжатын (билет) ресімдегенде, сондай-ақ, билеті бар жолаушының ПТР анықтамасы болмағанда билетін қайтарып береді, оның ақшасын толық көлемде қайтарып алады.

Билетті қайтару жолаушы тасымалдау ережесінде көзделген мерзімде билетте көрсетілген станциядан пойыз жөнелтілген сәттен бастап 1 сағаттан кешіктірілмей жүргізіледі.

Төлемді қайтару билетті қайтару тәртібі мен сатып алу тәсіліне қарай қолма-қол және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі. Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі бойынша барлық ақпаратты «105» номері арқылы білуге болады.