Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Әлеуметтік желідегі парақшасына тыйым салынған мазмұндағы дәрісті жариялаған елорда тұрғыны 55 мың теңге айыппұл төледі, деп хабарлады paryz.kz, Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Нақтырақ айтқанда, полиция қызметкерлері әлеуметтік желідегі парақшасында діни мазмұндағы видео және аудио дәрісті орналастырған 37 жастағы әйелді анықтады.
Бас прокуратураға қарасты Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің сараптамасы бойынша, дәрістер Қазақстан аумағына әкелуге, басып шығаруға және таратуға тыйым салынған лаңкестік мазмұндағы материалдар болып шыққан.
Әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабы ("Қазақстан Республикасы аумағында бұқаралық ақпарат құралдары өнімдерін және өзге де өнімдерді дайындау, сақтау, кіргізу, тасымалдау, тарату") бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысымен әйелге 20 АЕК (55 560 теңге) көлемінде айыппұл салынды.