Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қазақстан-Ресей аймақаралық форумы кейінге қалды

Өткен жылы бұл форум дәстүрлі Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы Омбы қаласында өтті.

https://scontent.fala6-1.fna.fbcdn.net/v/t1.0-9/123799072_3313839775406098_3268236502884364941_n.jpg?_nc_cat=105&ccb=2&_nc_sid=8bfeb9&_nc_ohc=OnwibbcYGQQAX-VikDQ&_nc_ht=scontent.fala6-1.fna&oh=64eee4299ab635264af70df09cc43d89&oe=5FCBEFE3
Қазақстан-Ресей аймақаралық форумы кейінге қалды
Фото: ашық дереккөз

Қараша айының екінші жартысында Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы кейінге қалдырылды. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли хабарлады.

«Эпидемиологиялық жағдайдың қиындай түсуіне байланысты Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумының өтетін уақыты кейінге шегерілді. Бұған дейін Форум биылғы қараша айының екінші жартысында екі ел басшыларының қатысуымен Көкшетау қаласында өтеді деп жоспарланған болатын», - деп хабарлады ол.

Өткен жылы бұл форум дәстүрлі Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының XVI форумы Омбы қаласында өтті. Сол кезде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы форум Көкшетау қаласында өтетінін мәлімдеді.