"Ол өтірікке қарсы, шындық үшін күресуге ниет білдірді. Өзіне әділетсіздік жасалғанын сезіп отыр", - деді ол.
Ұсталған Денсаулық сақтау экс-министрі Елжан Біртановтың қорғаушысы бұрынғы шенеуніктің алдағы жоспарын айтты, деп хабарлады paryz.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Адвокат Дмитрий Куряченконың айтуынша, Елжан Біртанов "өтірікке қарсы, шындық үшін" күреседі.
"Ол өтірікке қарсы, шындық үшін күресуге ниет білдірді. Өзіне әділетсіздік жасалғанын сезіп отыр. Елжан Біртанов суық және жабық қабырғалардың артынан адамдардың қолдауын сезеді, олардың жылуы мен ыстық лебізін естиді. Әрбір жанға алғыс айтады", - деді қорғаушы.
Дмитрий Куряченко Біртановты ұстау туралы шешімге шағым түсіретінін атап өтті.
Еске салайық, бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов аса ірі көлемде бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен ұсталған болатын. Оған қатысты сот күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Біртанов денсаулық сақтау министрі қызметінен 25 маусымда босатылды. Ол өзінің отставкаға кетуін коронавирус жұқтырғанымен түсіндірге болатын.