Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бұдан былай аңшы куәлігін онлайн алуға болады

Осылайша, аталған қызметтерді алудың қағаз мүмкіндігі алынып тасталды. Қызметтерді тек электронды форматта көрсету бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді.

Бұдан былай аңшы куәлігін онлайн алуға болады
фото: дереккөз

Мемлекеттік қызметтерді қағазсыз көрсетуге көшу Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа биылғы Жолдауында қойған міндеттерінің бірі еді. Осы ретте, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің барлық мемлекеттік қызметтері автоматтандырылған, ал олардың 88%-ы енді тек электронды форматта көрсетіледі, деп хабарлады paryz.kz, baq.kz-ке сілтеме жасап.

Осылайша, аталған қызметтерді алудың қағаз мүмкіндігі алынып тасталды. Қызметтерді тек электронды форматта көрсету бюджет қаражатын айтарлықтай үнемдейді. Осы нәтижеге қол жеткізу үшін министрлік қызмет көрсетушілерді мемлекеттік органдардың бірыңғай көлік ортасына қосу бойынша жұмыс істеді. Сондай-ақ, байланыс арналарына Марқакөл мемлекеттік қорығы сияқты шалғай мекеме қосылды.

Бұдан басқа, аккредиттелген қауымдастықтар байланыс арналарына қосылғаннан кейін, енді аңшы куәлігін беру бойынша сұранысқа ие қызметке өтінімдерді «Электрондық үкімет» порталы арқылы онлайн беруге болады.