Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Билеп жүрген прокурорлардың видеосына қатысты тергеу аяқталды

"Өскемендік прокурорлар жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Тек сұрақ: бұл карантинде болған жоқ па?"- деп сұраған еді жазба авторы.

Билеп жүрген прокурорлардың видеосына қатысты тергеу аяқталды
фото: видеодан скриншот

Бас прокуратура өкілдері өскемендік құқық қорғау органдары қызметкерлерінің билеп жүргені түсірілген видеоны зерттеп, қызметтік тергеу қорытындысын жариялады, деп хабарлады paryz.kz, Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

"Бұл видеоның 2019 жылдың қыркүйегінде Өскемендегі кафелердің бірінде, яғни карантин енгізілгенге дейін түсірілгені анықталды және видео қызметтік емес смартфонға түсірілген", - деді прокуратурадағылар.

Еске салайық, мұның алдында Kozachkov offside Telegram-каналында билеп жүрген прокурорлардың видеосы тараған еді.

"Өскемендік прокурорлар жақсы жұмыс істейді, жақсы демалады! Тек сұрақ: бұл карантинде болған жоқ па?"- деп сұраған еді жазба авторы.