Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қазір қатты үрейленіп отыр. Өйткені, артында бұйра буы шұбатылған ұшақтар ауылдардың үстінде айналсоқтап жүріп алған, деп жазды paryz.kz.
Толығырақ айтсақ, журналист Серікқазы Көкенай Facebook-тегі парақшасына тал түстегі тосын жайттардан екі видеоны қатар жариялады.
"Мына ұшақтар менің ауылымның үстінде не істеп жүр? ШҚО Үржар ауданы Шолпан ауылы. Кім жауап бере алады?" - дейді жазба авторы. Айтуынша, оны көрген ауылдағы ағайын шулап жатыр екен.
Оған пікір қалдырған Ербол Исламбек атты желі қолданушы: "Шілде айында біздің де ауылдың үстінен осылай ұшты. Артынан шетінен қырылдық", - деп отыр. "Біздің ауыл" дегені – Сарыағаш екен. "Медпунктте адам көп, күнде жаназа. Үреймен жүрдік", - деді ол одан әрі.
Не десек те, төбемізде көктемдегі қатаң карантин режиміндегідей ұшақтар қайта пайда болды. Елеңдеген ел мұны "жақсылықтың нышаны емес" деседі...