"Кім жауап бере алады?": буын бұрқыратқан ұшақтар қайта пайда болды (ВИДЕО)

Елеңдеген ел мұны "жақсылықтың нышаны емес" деседі...

"Кім жауап бере алады?": буын бұрқыратқан ұшақтар қайта пайда болды (ВИДЕО)
фото: коллаж

Шығыс Қазақстан облысының тұрғындары қазір қатты үрейленіп отыр. Өйткені, артында бұйра буы шұбатылған ұшақтар ауылдардың үстінде айналсоқтап жүріп алған, деп жазды paryz.kz.

Толығырақ айтсақ, журналист Серікқазы Көкенай Facebook-тегі парақшасына тал түстегі тосын жайттардан екі видеоны қатар жариялады.

"Мына ұшақтар менің ауылымның үстінде не істеп жүр? ШҚО Үржар ауданы Шолпан ауылы. Кім жауап бере алады?" - дейді жазба авторы. Айтуынша, оны көрген ауылдағы ағайын шулап жатыр екен.

Оған пікір қалдырған Ербол Исламбек атты желі қолданушы: "Шілде айында біздің де ауылдың үстінен осылай ұшты. Артынан шетінен қырылдық", - деп отыр. "Біздің ауыл" дегені – Сарыағаш екен. "Медпунктте адам көп, күнде жаназа. Үреймен жүрдік", - деді ол одан әрі.

Не десек те, төбемізде көктемдегі қатаң карантин режиміндегідей ұшақтар қайта пайда болды. Елеңдеген ел мұны "жақсылықтың нышаны емес" деседі...

Мына ұшақтар менің ауылымның үстінде не істеп жүр? ШҚО Үржар ауданы Шолпан ауылы. Кім жауап бере алады?

Опубликовано Serikkazy Kokenai Вторник, 3 ноября 2020 г.