Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алаяқтардан құралған Q-net компаниясына жұрт әлі алданып жүр

"Қылмыстың іс бойынша 240 арыз түсті", - деді Алматы облыстық Полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Болат Идиалов.

Алаяқтардан құралған Q-net компаниясына жұрт әлі алданып жүр
фото: dalainform.kz

Алматы облысында Q-net компаниясына оңбай алдандық деген халық бас көтеріп жатыр. Қазірдің өзінде бір ғана Талдықорғанда 240 адам полицияға арыз жазған, деп хабарлады paryz.kz.

Жәбірленушілер аталған компанияға кіру үшін 800 мың теңгеден салған. Талдықорғандық Ернат Дүйсенбеков – Q-net компаниясына оңбай алданғандарды бірі. Ол барлық талапқа көніп, қызын және күйеу баласын соған кіргізген. Бірақ, кейін компания "1-2 адам ғана емес, одан да көп әкел" деп есігін ашпай қойыпты.

"Ақшасын төлеп кірдік, 3 күн оқытты. Болғаннан кейін бізге "барыңдар да енді өздерің кісі іздеңдер" деді. Ары іздедік, бері іздедік, ондай сомаға қазір ешкім кірмейді. Болмаған соң, "істесеңдер істеңдер, істемесеңдер мүлде офиске кірмеңдер" деді. Болды", - дейді ол.

Талдықорғанның тағы бір тұрғыны Альмира Бекболатқызы: "Мұнда кіру үшін адамды алдау керек екен. Алдамасаң, ақша жүрмейді. Кредит алады. Өзім 2,5 млн салдым", - деп отыр.

Алданған көпшіліктің сөзінше, компания "саяхаттайсыздар" деп қолдарына карта мен кітапшалар беріпті. Бірақ, ол жарамсыз екен. Полиция компания атына 2 жылдан бері арыз түсіп жатқанын мәлімдеді.

"Қылмыстың іс бойынша 240 арыз түсті. Қазір қамауда 3 күдікті отыр", - деді Алматы облыстық Полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары Болат Идиалов.

Жәбірленушілердің айтуынша, Q-net компаниясы қалада кеңселерін жиі ауыстырады. Сонымен қатар, қызметкерлері де ауысып отырады.