Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Елордалық басқарма басшысының ит-мысықта "не жыны бар"?..

Ережені елорда әкімдігі дайындаған. Аталмыш құжатта қаңғыбас иттер мен мысықтарды өлтіру тәсілі туралы айтылған.

Елордалық басқарма басшысының ит-мысықта "не жыны бар"?..
фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Нұр-Сұлтандағы қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының бастығы Дәулет Досқұлов қаңғыбас иттер мен мысықтарды өлтіру жоспары үшін жазаланды, деп хабарлады paryz.kz, елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан қалалық орта сапасы және бақылау басқармасының басшысы Д.Досқұловқа жануарларды қорғау саласындағы заңнамалық актілердің әзірленуі мен қабылдануына тиісті бақылаудың болмағаны үшін сөгіс жарияланды. Жануарларды ұстау жұмыстарын күшейту туралы "Ашық құқықтық актілер" порталына жүктелген құжаттың жарамсыз екендігін хабарлаймыз. Қаңғыбас жануарларды ұстау және аулау ережелерін қатайту мәселесі қалалық әкімдікте қаралмайды", - делінген хабарламада.

Елордалық билік мәлімдегендей, "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" Заң қабылданғаннан кейін оны жүзеге асыруда жануарларды қорғау ұйымдары өкілдерінің пікірлері ескеріліп, құқықтық актілер қабылданатын болады.

Еске сала кетсек, кеше "Ашық құқықтық актілер" порталында Нұр-Сұлтандағы қаңғыбас иттер мен мысықтарды өлтіру ережесі жарияланған еді. Ережені елорда әкімдігі дайындаған. Аталмыш құжатта қаңғыбас иттер мен мысықтарды өлтіру тәсілі туралы айтылған.