Прямая трансляция

Астана

Астана

-4.03°C

Қаңтар оқиғасына қатысты алғашқы сот үкімі шықты

Алматыда қаңтар оқиғасы кезінде жасалған қылмыс үшін екі азамат 5 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме  жасап. 

Қаңтар оқиғасына қатысты алғашқы сот үкімі шықты
Сурет: Strategy2050.kz

Қалалық соттың хабарлауынша, бүгінде сотқа қаңтар оқиғасына байланысты 46 іс түскен.

Оның ішінде 18 іс бойынша үкім оқылып, істің бірқатары екі тараптың татуласуымен аяқталған. Тағы 28 іс бойынша сот процессі жалғасып жатыр.

Сонымен бірге, 17 ақпанда қылмыстық істер бойынша Алмалы аудандық сотында Қылмыстық кодекстің 291-бабында ("Қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру не қорқытып алу") көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылған екі азаматқа қатысты үкім оқылған. Сот үкімімен оларға 5 жылға бас бостандығынан айырылған.

Сотталушылар жазасын қауіпсіздігі орташа режимдегі түзеу мекемесінде өтейді. Қазіргі уақытта қаралып жатқан немесе қаралған басқа барлық іс бойынша сот айыпталушылардың қаншалықты кінәлі екенін ескере отырып, ұсынылған дәлелдемелер бойынша заңға сәйкес үкім шығарады.

Соттың хабарлауынша, Қылмыстық кодекстің 188-бабы ("Ұрлық") бойынша түскен істердің көпшілігі татуласумен немесе бас бостандығын шектеумен аяқталады. Өйткені сотталушылар өз кінәсін мойындап, істеген істеріне өкінеді, сондай-ақ келтірілген материалдық залалды өтейді.