Прямая трансляция

Астана

Астана

-3.03°C

«8 теңгеге газет жеткізу - өте қиын» - Павлодарда пошташы-курьерлер бас көтерді

Павлодарда жалақысын даулаған пошташы-курьерлер бас көтерді, деп хабарлайды Paryz.kz, Астана телеарнасына сілтеме жасап.

«8 теңгеге газет жеткізу - өте қиын» - Павлодарда пошташы-курьерлер бас көтерді
Сурет: Inbusiness.kz

Оларды былтырдан бастап «Қазпошта» мекемесі жұмыстан қысқартып, келісім-шарт негізінде қайта жұмысқа қабылдаған. Бастапқыда жалақыларың сол қалпы сақталады – деп келісім шартқа қол қойғызып алғанын айтады. 100 мың теңгеге дейін жалақы алып келгендер, қазір 50 мыңға жан баға алмай қалдық деп отыр.

Бізге бастықтарымыз жұмыстарың ауысқанмен, еңбекақы сақталады – деп сендірді. Былтыр қыркүйек айынан бастап, курьер болып жұмыс істеп жүрмін. Алайда айлығымыз тым аз. Кей айда 48 мың теңге, кейде 43 мың теңге ғана қолыма алам. Бұл жалақымның ішіне қоғамдық көлікпен жүру шығындарым да кіреді. Ал бұрындары 100 мыңнан астам жалақы алып жүрдім, – дейді «Қазпошта» қызметкері Светлана Котова.

Бұл бір ғана пошташының мұңы емес. Павлодар қаласы бойынша 45 пошташы осыған шағымданып отыр. Штаттағы қызметкер болмағандықтан, еңбек демалысы, уақытша жұмысқа жарамсыздығы үшін алатын ақыдан да қағылған.

Әр жеткізілімнің өз тарифі бар. Хат жеткіз үшін мынанша теңге. Газет жеткізу үшін мынанша теңге деген. Кім қандай көлемде жеткізілімдер жеткізеді. Сол көлемде ақшасын алып отыр. Бұл жерде бізде осындай пилоттық жоба жүріп жатыр, – дейді «Қазпошта» АҚ Павлодар Облыстық филиалының директоры Ерік Әліпұлы.

Амалы таусылған пошташылар мәселесін айтып, «Nur Otan» партиясының облыстық филиалына жүгінді.

8 теңге үшін хат- газет жеткізу өте қиын мәселе. Егер ол жаяу аралап, бұл сәлемдемелерді жеткізетін тіптен қиын жұмыс. Сондықтан да біз бұл мәселені өз бақылауымызға алдық. Мәселенің оң шешілуіне ықпал жасайтын боламыз, – дейді «Nur Otan» партиясы Павлодар облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Илья Теренченко.

Қазпоштағылар пилоттық жоба екенін алға тартып отыр. Енді олар бұл мәселені өз басшыларына жеткізетін айтты. Ал оған дейін пошташылардың мардымсыз жалақыға күн көре тұруына тура келмек.