Күдіктілердің "Хёндэ Аванте" көлігі Абылайхан көшесі бойында тоқтатылды.
Бас шаһарда көлік ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ ұсталды, деп хабарлады paryz.kz.
Шұғыл іздеу шаралары нәтижесінде, елордалық полиция автоұрылардың ізіне түскен. Күдіктілердің "Хёндэ Аванте" көлігі Абылайхан көшесі бойында тоқтатылды. Алайда, олар есікті ішінен бекітіп, көліктен шықпаған. Тәртіп сақшыларының көлікті оқшаулап, терезесін сындыруға тура келген.
Ұсталғандардың бірі 39-да, екіншісі 42-де. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары. Олар 20 қазаннан бастап 5 көлік ұрлығы бойынша күдікке алынып отыр.