Дереккөздерге сүйенсек, Біртанов бүгінде уақытша ұстау изоляторында жатыр...
Нұр-Сұлтан полициясы бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты ұстады. Бірқатар сайт осындай хабар таратуда, деп хабарлады paryz.kz.
Дереккөздерге сүйенсек, Біртанов бүгінде уақытша ұстау изоляторында жатыр-мыс. Алдын ала болжам бойынша, ол цифрландыруға бөлінген 526 млн теңгеге жуық қаржыны жымқырды деген күдікке ілініпті. Ал Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Ешқандай ақпарат жоқ. Біз бұл ақпартты әлі растамаймыз", - деп түсіндірілді комитет тарапынан.