Сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, желі пайдаланушыларына қатысты алаяқтық әрекеттердің 7 фактісі анықталды.
Шымкент полициясы желіден 50 порносайтты анықтап, бұғаттап тастады, деп хабарлады paryz.kz, қалалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Атап айтқанда, Шымкент қаласында полицияның ақпараттық технологиялар саласындағы заң бұзушылықты тиімді анықтап, жолын кесу үшін "Hi-tech" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Сондай-ақ, ақпараттық жүйелерді пайдалана отырып, желі пайдаланушыларына қатысты алаяқтық әрекеттердің 7 фактісі анықталды. Олар бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Тергеу жүргізіліп жатқан ақпаратты жасырын алудың арнайы техникалық құралдарын заңсыз дайындау, сатып алу, сату немесе пайдалану фактісі анықталды.