30.10.2020, 20:20

Жамбыл облысында індетпен күреске бөлінген қаржының 9 млн теңгесі жоқ

фото: fergana.news

Қазір қазына қаржысын жымқыру дерегімен тексеріс жүргізіліп жатыр.

Жамбыл облысында денсаулық сақтау басқармасының лауазымды шенеуніктері бюджеттен коронавируспен күреске бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталуда. Бұл туралы paryz.kz хабарлады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

Анықталғаны, басқарма індетпен күреске медициналық бұйымдарды алуы тиіс болған. Алайда, денсаулық сақтау саласының шенділері оларды жоғары бағамен сатып алған. Сөйтіп, мемлекетке 9 млн теңгеге жуық шығын келтірген.

Қазір қазына қаржысын жымқыру дерегімен тексеріс жүргізіліп жатыр. Ал тергеу құпиялылығына байланысты өзге мәлімет айтылмады.