Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Қосшы қаласында сот құрылды: Судьялар кімдер

Ақмола облысы Қосшы қаласында сот құрылды. Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды Paryz.kzSputnik Қазақстан.-ға сілтеме жасап. 

Қосшы қаласында сот құрылды: Судьялар кімдер
Сурет: Sn.kz

Қосшы қалалық сотының судьясы қызметіне Динара Мерзадинова мен Мұрат Қалмырзаев тағайындалды. 

Жаңа қызметке тағайындалуына байланысты Динара Мерзадинова Целиноград ауданы сотының судьясы қызметінен босатылды. Мұрат Қалмырзаев Ақмола облысы Бұланды ауданы сотының судьясы қызметінен босатылды. 

Айта кетері, 2021 жылдың жазында Нұр-Сұлтан қаласы маңындағы Қосшы ауылы облыстық маңызы бар қалаға айналды. Қосшы – Ақмола облысының Целиноград ауданындағы елді мекен, Нұр-Сұлтан шекарасынан 2-3 шақырым жерде орналасқан. 

Қосшы тұрғындары негізінен елордада жұмыс істейді. Билік ұзақ уақыт бойы ауылға қала мәртебесін бергісі келді, бірақ көптеген тұрғын астанаға тіркелген еді. Қосшы халқының саны 50 мыңнан асады.