БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды

Жыл басынан бері бір ғана Батыс Қазақстан облысында жемқорлыққа жол берген 25 шенеунік сотталған. Дені пара алған, бюджет қаражатын қалтаға басқан деп айыпталыпты.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы жемқорлықпен ұсталды
фото: inform.kz

Бүгін БҚО Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Болатбек Қаюпов ұсталды. Ол 7 миллион теңгені жымқырған деген күдікке ілікті, деп хабарлады paryz.kz.

Жыл басынан бері бір ғана Батыс Қазақстан облысында жемқорлыққа жол берген 25 шенеунік сотталған. Дені пара алған, бюджет қаражатын қалтаға басқан деп айыпталыпты. Енді солардың қатары тағы біреумен толықты.

Айта кетейік, аймақтың бас дәрігері Болатбек Қаюповқа қатысты тергеу басталды деген қауесет бұған дейін де тараған болатын. Ол кезде құқық қорғаушылар басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілмеген деп жауап берген. Арадан бір ай өтпей, бұл ақпарат қайта тарады.