Прямая трансляция

Астана

Астана

-13.03°C

Түркістан облысында қолдан алкоголь өнімін жасаған цех әшкере болды

Көлемі 0,5 литр "Пшеничная" маркалы жалған алкоголь өнімінің 284 бөтелкесі және 600-ге жуық жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді.

Түркістан облысында қолдан алкоголь өнімін жасаған цех әшкере болды
фото: 24.kz

Түркістан облысының екі тұрғыны суррогат алкоголь өнімін жасайтын астыртын цехтың қызметін ұйымдастырған, деп хабарлады paryz.kz, "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

ҚР ҚМ Қаржы мониторингі комитеті Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жүргізген жедел іздестіру іс-шаралары барысында Сарыағаш қаласы тұрғындарының көрінеу жалған есепке алу-бақылау маркаларын пайдалана отырып, алкоголь өнімдерін дайындайтын астыртын цехтың қызметін ұйымдастырғаны анықталды.

"Тінту барысында көлемі 0,5 литр "Пшеничная" маркалы жалған алкоголь өнімінің 284 бөтелкесі және 600-ге жуық жалған есепке алу-бақылау маркалары тәркіленді", - деп мәлімдеді ҚР ҚМ ҚМК баспасөз қызметі.

Сарыағаш аудандық сотының үкімімен Түркістан облысының екі тұрғыны ҚР ҚК 233-бабының 2-бөлігімен ("Көрiнеу жалған акциздiк маркаларды және (немесе) есепке алу-бақылау маркаларын өткiзу мақсатында жасау немесе иемдену, сол сияқты пайдалану немесе өткізу") қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оларға 200 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалған.