"Димашқа да, әке-шешесіне де бір ауыз айтсақ болар еді...", - деп бастады ол әңгімесін.
Белгілі әнші, композитор Марат Омаров "Алматы" телеарнасына берген сұхбатында әлем жұлдызы Димаш Құдайбергеннің азан шақырғанын "армандайтынын" айтты, деп хабарлады paryz.kz.
"Димашқа да, әке-шешесіне де бір ауыз айтсақ болар еді. Біз өзі текті, жүрегі түкті, рухы биік, иманы күшті қазақпыз ғой. Соның ішінде жұлдызы жарқырап шыққан Димашымыз бүкіл әлемді таңғалдырып жатыр. Сол Димашқа айтатын кішкентай ғана ұсынысым бар. Димаш сол диапазонымен мұсылманшылдық тұғырда елімізге тыныштық, жақсылық келуі үшін азан айтса деген арманым бар. Сонда бүкіл адамдар, бүкіл әлем имандылыққа бұрылып, ой салар еді. Міне, сол менің арманым", - деді Марат Омаров.