Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

Қонаевқа қойылған ескерткіш қайта салынуы мүмкін

Ескерткіш авторлары жобаны комиссия алдында қайта қорғайтын болды.

Қонаевқа қойылған ескерткіш қайта салынуы мүмкін
Фото: azattyq ruhy

Алматы облысының Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы Балқаш ауданына қарасты Бақанас ауылындағы Қазақ КСР Компартиясы ОК бірінші хатшысы Дінмұхамед Қонаевтың ескерткішін салу тоқтатылғанын мәлімдеді, деп хабарлады paryz.kz.

Басқарманың Tengrinews.kz сайтына берген жауабында айтылғандай, ескерткіш рұқсатсыз тұрғызылған. Енді авторлар жобаны комиссия алдында қайта қорғауы керек.

"15 қазанда Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Д.А. Қонаевқа ескерткіш орнату туралы барлық тиісті құжаттар облыстық тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссияда қаралып, мақұлданды. Содан кейін барлық тиісті құжаттар Қазақстанның мемлекеттік комиссиясының қарауына Нұр-Сұлтанға жіберілді. 20 қазанда әлеуметтік желілерде мемлекеттік комиссияның шешімін күтпей, Д.Қонаевқа ескерткіш орнатқаны туралы хабар тарады", - делінген.

21 қазанда осы мақсатта арнайы жұмыс тобы құрылып, жағдайды анықтау үшін Балқаш өңіріне барған. Жұмыс тобы жауапты адамдардың бәрін, соның ішінде мүсіншіні де шақырып, ескерткішті тұрғызу бойынша барлық құрылыс жұмысын тоқтатқан және ескерткішке қатысты барлық ескертулерді екі апта ішінде жою туралы нұсқаулар берілді.

"Мемлекеттік комиссия ескерткішке қатысты барлық тиісті құжаттарды қарастырып, мақұлдамады. Өз кезегінде Балқаш облысының әкімдігі құжаттар мен жобаларын тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі облыстық комиссияның қарауына қайта ұсынуы керек", - делінген басқарма жауабында.