Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Ақтөбе облыстық білім басқармасы 5 мың компьютерді 2 есе қымбатқа рәсімдеген

Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен.

Ақтөбе облыстық білім басқармасы 5 мың компьютерді 2 есе қымбатқа рәсімдеген
фото: adyrna.kz

Ақтөбе облыстық білім басқармасының жұмысын тексерген арнайы бақылау тобы оқушыларға арналған ноутбуктерді жоғары бағамен сатып алу фактісін анықтады, деп хабарлады paryz.kz, "Ақтөбе – адалдық алаңы" жобалық кеңсесіне сілтеме жасап.

Осыдан 2 жыл бұрын облыстық білім басқармасы мен жекеменшік компания арасында компьютерлік техниканың 5 мың данасын жеткізу туралы келісімшарт рәсімделген. Сол кезде әрбір компьютердің бағасы 149 мың теңге болған.

"Алайда, білім басқармасы әрбір компьютерді 250 мың теңгеден қабылдапты. Барлық лот бойынша келісімшарттардың жалпы сомасы 1 миллиард 250 миллион теңгеден асып кеткен. Компьютерлердің конфигурациясы әлсіз болған. Оған қоса, сервистік қызмет көрсетілмеген. Ал пандемия кезінде ондай қызметтің болғаны маңызды", - дейді мамандар.

Сонымен қатар, техникалық сипаттама бойынша барлық компьютерде 3 жылдық сервистік қызмет көрсетуге кепілдік болған. Соған қарамастан, білім басқармасы қажет болған жағдайда техникаға қызмет көрсету үшін тағы бюджеттен ақша бөлген.