Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Талдықорғанда 23 жастағы қыз жоқ пәтерді жалға беріп келген

Пәтер құнының арзандығына қызығып, қоңырау шалған адамдарға қазір жолда екенін және келген соң пәтер кілтін тапсыратынын айтқан.

Талдықорғанда 23 жастағы қыз жоқ пәтерді жалға беріп келген
Фото: znamkaluga.ru

Талдықорған қаласының ПБ Батыс ҚПБ кезекші бөліміне облыс орталығының 48 жастағы тұрғыны алаяқтың құрбаны болғаны туралы арыз берді, деп хабарлады paryz.kz, Алматы облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Белгісіз әйел облыс орталығындағы "Қазақстан" көшесіндегі пәтерді жалға беремін деп оның ақшасын иемденді. Бір-екі күннен кейін Талдықорған қаласының 26 және 42 жастағы тағы екі тұрғыны осындай арызбен жүгінді. Олар да тұрғын үйді жалға алу үшін оған алдын ала төлем төлегендерін айтты", - деп хабарлады Талдықорған қаласы ПБ Батыс ҚПБ бастығы, полиция майоры Айдын Аденбаев.

Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, тәртіп сақшылары алаяқтық жасағаны үшін бірнеше рет жауапқа тартылған және сотталған Алматы облысының 23 жастағы тұрғыны Ирина Ким есімді күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұлтартпас айғақтардың арқасында жоғарыда аталған қылмыстарды жасағанын мойындады.

Күдіктінің қаладағы элиталық аудандарда жалға берілетін арзан тұрғын үйді тапсыру туралы хабарландыру беріп, өз құрбандарын сайттан тапқаны белгілі болды. Пәтер құнының арзандығына қызығып, қоңырау шалған адамдарға қазір жолда екенін және келген соң пәтер кілтін тапсыратынын айтқан. Сондықтан олардан пәтер төлемақысының алдын ала төлемін банк картасына аударуын сұраған. Алданған жалға алушылар алаяқ қызды ұзағынан күткен.

"Үш дерек бойынша ҚР ҚК*нің 190-бабы 3-бөлігі 3,4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамаққа алынды. Алаяқтың әрекетінен зардап шеккендердің барлығынан 25-01-51 және 8 777 780 2313 телефондары бойынша хабарласуды сұраймын", - деді Айдын Аденбаев.