Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Қазақстан "Росатоммен" АЭС құрылысы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр – Келімбетов

Ресей басшысы Владимир Путин 30 қыркүйекте XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында РФ шетелдік серіктестерге, соның ішінде Қазақстанға, АЭС құрылысына өз жәрдемі мен қолдауын ұсынатынын мәлімдеді.

Қазақстан "Росатоммен" АЭС құрылысы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр – Келімбетов
фото: ашық дереккөз

Қазақстан "Росатоммен" атом электр стансасының құрылысы жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің төрағасы, "Астана" Халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов айтты деп хабарлайды Sputnik.kz.

Оқи отырыңыз: АЭС Алматы облысында салынуы мүмкін

Бізге күн және жел энергетикасына инвестиция тарту қажет, алайда олар көмірді толық алмастырмайды. Бір жерде газ керек, сол үшін біз "Газпроммен" жұмыс істеп жатырмыз, бірақ Қазақстанға атом станциясын салуға тура келетін шығар. "Росатоммен" де келіссөз жүргізіп жатырмыз, - деді Келімбетов "Коммерсант" басылымына берген сұхбатында.

Оның айтуынша, Қазақстан 2060 жылға қарай көміртек тұрғысынан бейтарап мемлекетке айналу міндеттемесін алды. Ал қазіргі таңда Қазақстанда көмір энергетикасы 70%-ды құрайды.

Дегенмен, көміртексіздендіру бұл тек көмірден бас тарту емес. Бұл мұнай мен газдан пайда тапқан ескі энергетикалық модельден электроэнергетиканың рөлі өзгеше жаңа экономикалық модельге ауысу. Тарифтер де басқа. Бүгінде тариф айтарлықтай жоғары емес, оның көтерілуі халық пен өнеркәсіп үшін жақсы жаңалық емес, әрине. Бірақ бұл шындық, - деді агенттік басшысы.

Бұған дейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорына елде атом энергетикасын дамыту мүмкіндігін зерттеуді тапсырды.

Ресей басшысы Владимир Путин 30 қыркүйекте XVII өңіраралық ынтымақтастық форумында РФ шетелдік серіктестерге, соның ішінде Қазақстанға, АЭС құрылысына өз жәрдемі мен қолдауын ұсынатынын мәлімдеді.