Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды

Алда ауа райы желді, боранды болады. 

Алдағы күндерге арналған ауа райы болжамы жарияланды
фото: sputnik.kz

Қазгидромет 28-30 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды Paryz.kz

Алда ауа райы желді, боранды болады. Кезеңнің басында cолтүстік-батыс циклоны елдің солтүстігіне, солтүстік-батысына және шығысына әсер етеді.

Сол себепті қар жауып, боран соғып, жел күшейеді. Бұдан кейін суық ауа массаларының басып кіруінен республиканың басым бөлігінде жауын-шашынның тоқтайды. Алайда ауа температурасының төмендеуі күтіледі. Тек шығыс пен оңтүстік-шығыста ғана тұрақсыз ауа райы сақталады.

Термометр бағандары түнгі уақытта республиканың солтүстік жартысында 25-32 градус аязға дейін, орталықта 15-25 градусқа дейін, оңтүстік және шығыс өңірлерде 10-18 градусқа дейін төмендейді деп көрсетіп отыр