Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (ВИДЕО)

Олар екі жыл бойы Жезқазған мен Сәтбаевта заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып келген.

 

Қарағанды облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды (ВИДЕО)
Фото: ruadvocate.ru

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған қылмыстық топтың жолы кесілді, деп хабарлады paryz.kz.

Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті баспасөз қызметінің ақпаратынша, қылмыстық топты Қарағанды облысы экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері ұстаған.

"2018 жылдың қаңтары мен 2020 жылдың мамыры аралығында 5 адамнан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ Жезқазған мен Сәтбаевта 7 заңсыз ойын нүктесін ұйымдастырған. Алынған табыстың жалпы сомасы 16 миллион теңгеден асады. Жедел шаралар нәтижесінде, заңсыз айналымнан 200 данаға жуық Lotomatic ойын терминалы тәркіленді", - деп мәлімдеді ведомстводан.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс бекітілген айыптау актісімен сотқа жолданды.

Айта кетсек, Қазақстанда құмар ойындарын өткізуге тек екі өңірдегі арнайы орындарда – Қапшағай қаласы мен Бурабайда рұқсат етілген. Республиканың қалған аумағында ойын терминалдары бар залдар мен казино жұмысына үзілді-кесілді тыйым салынған.