Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстандық кәсіпкер жезөкше жігіттердің ұсталғанын уайымдап отыр

"Серіктес ретінде жарамсыз алқаштар мен нашақорлар көбейген заманда мұндай қызмет қоғамға керек", - дейді ол.

Қазақстандық кәсіпкер жезөкше жігіттердің ұсталғанын уайымдап отыр
фото: google.kz

Қазақстандық кәсіпкер Ерлан Нұрпейісов Facebook-тегі парақшасында жезөкшелікпен айналысатын азаматтарды жазаламауды ұсынды, деп хабарлады paryz.kz.

"Әсіресе, әйелдерге сексуалды қызмет көрсеткен азаматтардың ұсталғаны қынжылтады. Ол тікелей және ауыспалы мағынада да "бір сағатқа арналған азамат" емес пе? Серіктес ретінде жарамсыз алқаштар мен нашақорлар көбейген заманда мұндай қызмет қоғамға керек",- деп кәдімгідей шыр-пыр етіп отыр көпбалалы әке.

Оның айтуынша, бұрыс тамақтану, таңнан кешке дейін бір орында отырып жұмыс істеу және семіздік ерте белсіздікке әсер етеді. Ал әйелдер үшін "тонусты" сақтап, өз денсаулығына күтім жасау маңызды.

"Сау әйелде тұрақты төсек қатынасы болмаса, қатерлі дертке шалдығуы мүмкін. Сондықтан аптасына бір рет көршіңді немесе әріптесіңді бөтелкемен шақырғанша, кәсіби маманды алдырған дұрыс. Беделіңе де нұқсан келмейді", - деді одан әрі, осы тақырыппен қозып кеткен кәсіпкер.