Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Мешіттердегі 40-тан астам садақа жәшігіне түскен қызылордалық ұсталды (ВИДЕО)

Жеңіл пайда тапқысы келген 25 жастағы күдіктінің садақа жәшігінің аузын бұзып, ішіндегі ақшаларды уыстап сөмкесіне салып жатқаны бейнекамераға түсіп қалған.

Мешіттердегі 40-тан астам садақа жәшігіне түскен қызылордалық ұсталды (ВИДЕО)
фото: видеодан скриншот

Түркістан облысында 40-тан астам мешітті тонаған Қызылорда облысының тумасы ұсталды, деп хабарлады paryz.kz.

Жеңіл пайда тапқысы келген 25 жастағы күдіктінің садақа жәшігінің аузын бұзып, ішіндегі ақшаларды уыстап сөмкесіне салып жатқаны бейнекамераға түсіп қалған. Бұл жазба әлеуметтік желіде кең тарап кетті. Ұры еш саспайды. Жан-жағына асықпай қарап, кісі аяғы сиреген сәтте арам ойын іске асырып, із жасырып отырған.

Полиция оның 40-тан астам ұрлыққа қатысы барын анықтапты. Атап айтқанда, Шымкентте – 20, Түркістанда – 7, Ордабасында – 3, Алматыда – 3, Таразда – 10 ұрлық жасаған болып шықты. Қазіргі уақытта оның басқа аймақтарда да мұндай фактілерге қатысы бар-жоқтығы және шығын көліемі анықталуда.

"Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері Қызылорда қаласының тұрғыны, 1995 жылы туған азаматты Түркістан облысы және Шымкент, Алматы, Тараз қалаларында орналасқан мешіттерден бірнеше ұрлық жасағаны үшін ұстады", - деді облыстық ПД басқарма бастығының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков.