Telegram скриншот жасауға тыйым салады

Сонымен қатар жеке чаттағы белгілі бір кезеңдегі хат алмасуларды өшіруге болады.

Telegram скриншот жасауға тыйым салады
фото: ашық дереккөз

Telegram контентті қорғаудың жаңа мүмкіндіктерін енгізді. Бұдан былай аталған арнада хабарламаларды көшіріп жіберуге, скриншоттауға тыйым салынады деп хабарлайды Paryz.kz.

Сонымен қатар жеке чаттағы белгілі бір кезеңдегі хат алмасуларды өшіруге болады.

Осылайша, Тelegram пайдаланушылары хат алмасу тарихын өздері басқарады әрі чаттағы барлық қатысушының хабарламаларын жоя алады. Қосымшаны пайдалану ыңғайлы болу үшін жаңа мүмкіндіктер енгізілді. Атап айтқанда, Тelegramға бір уақытта бірнеше құрылғы арқылы SMS хабарламасыз-ақ жылдам кіруге болады. Егер Тelegram-ға өзге құрылғылар арқылы кіріп, одан шығуды ұмытып кетсеңіз сеанстар автоматты түрде аяқталады.