"Росатом" Қазақстанда АЭС салуға дайын - Ресей елшісі

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Қазақстанда электр қуатының тапшылығы байқалып отыр.

"Росатом" Қазақстанда АЭС салуға дайын - Ресей елшісі
фото: ашық дереккөз

Ресейдің Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Александр Бородавкин "Хабар 24" арнасына берген сұхбатында "Росатом" мемлекеттік корпорациясы Қазақстанда атом электр стансасын салуға дайын екенін айтты деп хабарлайды Paryz.kz.  

Оның айтуынша, қазірдің өзінде Қазақстанда электр қуатының тапшылығы байқалып отыр. Дағдарыстан шығу жолы АЭС құрылысын бастау, бұл фактіні түсіну және қабылдау қажет.

Ресейлік "Росатом" мемлекеттік корпорациясы бұл мәселені шешуге дайын. Корпорацияның атом электр стансаларын салуда тәжірибесі мол. Олар Беларусь, Түркия, Үндістан, Венгрия, Бангладеш, Қытай, Финляндия, Египетте құрылыс жұмыстарын жүргізген. Осы электр стансасының құрылысын "Росатом" компаниясының мердігеріне сеніп тапсырса, Қазақстан ұтылмайды, - деді Бородавкин.

Айта кетейік, 1 қыркүйек Қазақстан халқына Жолдауында Қасым-Жомарт Тоқаев бір жыл ішінде Үкімет пен "Самұрық-Қазына" қоры Қазақстанда қауіпсіз және экологиялық таза атом энергетикасын дамыту мүмкіндіктерін зерделеуі керектігін атап өткен.